Рухани кеш Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен іс-шараға Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Ғұмаров және ұстаз Бейбітбек Ғұмаров арнайы қатысты.
Кездесу барысында ұстаздар «Ислам дінінің қазіргі қоғамда алатын орны», «Ата – ана разылығы», «Бала тәрбиесі» және «Рамазан айында ораза тұту» тақырыптарында насихат айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
«Ислам – кемелдіктің, руханияттың діні. Ислам – білім алуға, ізденуге, адамды өзін-өзі дамытуға шақырады. Білімді елдің болашағы жарқын» деп атап өтті Асылбек Ғұмаров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.