Рухани кеш Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен іс-шараға Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Ғұмаров және ұстаз Бейбітбек Ғұмаров арнайы қатысты.
Кездесу барысында ұстаздар “Ислам дінінің қазіргі қоғамда алатын орны”, “Ата – ана разылығы”, “Бала тәрбиесі” және “Рамазан айында ораза тұту” тақырыптарында насихат айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
“Ислам – кемелдіктің, руханияттың діні. Ислам – білім алуға, ізденуге, адамды өзін-өзі дамытуға шақырады. Білімді елдің болашағы жарқын” деп атап өтті Асылбек Ғұмаров.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.