Атыраудағы діни ахуалды қалыпты деңгейде ұстау үшін халық арасында тиісті ақпараттар жүйелі жүріп тұру қажет.
Осыған байланысты дінтанушы, исламтанушы, теолог мамандығын оқыту және жұмысқа тарту үшін жұмыстар атқарылуда. Биыл Атырау мемлекеттік университетінде дінтану мамандығы ашылып, әкімдік тараптан 5 грант бөлінді.
«Облысымызда дін саласында кадр жетіспеушілігі байқалады. Сол себептен Атырау облысы әкімдігі болашақ дін мамандарын даярлайтын оқуларға грант бөлді. Бүгінде 26 студент Нұр-Мүбарак университетінде білім алуда. Оның 20-сы келер жылы оқуын аяқтап, өңірдегі дін мамандары жетіспейтін аймақтарға жұмысқа жіберіледі» дейді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы.
Сонымен қатар, қылмыстық атқару жүйесінің департаментіне қарасты әйелдер абақтысында грантпен оқу бітірген бір маман жұмыс жасап жатыр.
Айта кетейік, қазіргі кезде облысымызда діни ахуал тұрақты.