Атырауда діни мамандар резервін қалыптастырудың жаңа жобасы басталды

amin.kz/ 10 наурыз, 2020 жыл.  Атырауда жамағат үшін оқыту семинары жүруде.

Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітіне қарасты қайырымдылық мекемесінде оқуын бастаған шәкірттер облысты құрап отырған жеті ауданнан және қаладағы мешіттердің жолдамасымен дәріс алуда.

Шәкірттер бір айы бойы тегін білім алады. Олардың жатын орны, тамақтану мәселесі қамтамасыз етілген.

«Шәкірттерге білікті ұстаздар бір ай бойына ақида, фиқһ, сира, тәжуид, жаназа үкімі сынды тақырыптар бойынша дәріс жүргізеді. Және осы аралықта Құран оқуды үйреніп шығуға мүмкіндік бар.  

Біздің басты мақсатымыз – жат идеологияның алдын алу. Дәстүрлі дінімізді дәріптеу. Және кадр мәселесін шешудің жолдарын қарастыру.

Бір айлық курсты аяқтаған мамандарға сертификат беріледі. Ол сертификат арқылы шәкірттер имамдардың екі айлық курсында оқи алады.  Немесе медресеге түсіп, білімін шыңдауға  мүмкіндік бар. Осылайша, біз аймақта діни мамандар резервін қалыптастыруды көздеп отырмыз» дейді Атырау облысының Бас  имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: