Атырауда Діни сауат ашу және Құран жаттау орталығы салынып жатыр

Жаңа рухани орталық Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында салынуда.

Жаңа орталықтың құрылыс жұмысын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып, аралап көрді. Құрылысы осыдан біраз бұрын басталған орталықта шәкірттердің діни әрі рухани сауаты ашылып, қасиетті Құран жаттауына мүмкіндік беріледі деп күтілуде.

Қазіргі уақытта құрылыс нысаны толықтай көтеріліп, ішкі және сыртқы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Діни сауат ашу және құран жаттау орталығының құрылыс жайымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.