Қайрат Аманжол «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі болып тағайындалды.
Жаңа өкілді атыраулық имамдарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.
Қайрат Аманжол тағамтану саласында ұзақ жыл тәжірибе жинақтаған маман. Ол әр жылдары Алматы ашытқы зауыты Оңтүстік Қазақстан өкілі, «Тенгри Фуд Групп» ЖШС көтерме тамақ сауда саласында, «Содексо Қазақстан» ЖШС франциялық тамақтандыру компаниясында қызмет еткен.
Бұған дейін «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі қызметін атқарған Эммат Ғұмаровқа алғыс хат табыс етілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.