Жылыой мешітінде қайырымдылық акциясы өтті (+ ВИДЕО)

Акция аясында мұқтаж он отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді.

Бұл акцияның ерекшелігі – қайырымдылық өмірден өтіп кеткен Ерсайын Сәрсенғали тегінің атынан жасалды.

«Яғни, оның ұрпақтары марқұмның атынан жоқ-жітіктерге жақсылып жасап отыр.

Хадис – шарифтерде «Бір мұсылман бір мұсылманға көмектесетін болса, Алла Тағала оған қияметте көмектеседі» делінген. Игі бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.