Атырауда «Happy Cake» кондитерлік өнімдер дүкені халал сертификатын жаңартты (+ ФОТО)

ҚМДБ халал стандарт сертификатын Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев «Happy Cakе» кондитерлік өнімдері дүкенінің басшысы Венера Маратқызына табыс етті.

«Happy Cakе» кондитерлік өнімдері дүкені Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан.  

«Аталмыш мекеменің қызметі  халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар  ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінен сертификатта.

Сертификаттың  мерзімі  04.07.2023 дейін жарамды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан 2014 жылдың 8 қазанынан бері жұмыс істеп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.