Мәлімдеме: Тұрарбек Құсайынов мешіт имамы болмаған!

Әлеуметтік желіде өзін “имам” деп таныстырып, видеосы тарап жатқан Тұрарбек Құсайыновтың Атырау мешіттерінде имам ретінде қызмет атқармағандығын Атырау облыстық “Иманғали” мешіті ресми түрде мәлімдейміз.

Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ресми бұйрық алып, имамдық қызметке тағайындалмаған. Тұрарбек Құсайынов 2000 жылдары «Құспан молла», «Иманғали» мешіттерінде тек кезекші молда қызметін ғана атқарған.

Кезекші молда – имам деген қызметті білдірмейді. Яғни, имамға жүктелген жауапкершілігі жоғары жұмысты кезекші молда атқара алмайды.

Имам болу үшін Діни басқарма жанындағы Сараптама комиссиясының емтиханынан өтіп, одан кейін Бас мүфтидің арнайы бұйрығын алуы қажет. Арнайы оқу орындарында діни білім алғандығы жөніндегі дипломы бар мамандардың ғана ​ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттерде имам болып қызмет атқара алатындығын қаперге береміз.


Атырау облысы орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі