Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өтіп жатқан рухани бәсекеге Құранды мәнерлеп оқу және жатқа оқудан барлығы 32 үміткер қатысып жатыр.
Қазіргі уақытта үміткерлер Құранның 10, 20, 30 парасын мәнерлеп оқудан және жатқа оқудан сайысып жатыр.
Басты талаптардың бірі – үміткердің жаттаған паралары толық болуы қажет және Құранды жатқа айтуына, тәджуидімен көркем оқуына баса мән беріледі.
Сайыста топ жарған жеңімпаз ХІІ республикалық Құран жарысына жолдама алып, Атырау облысының намысын қорғайтын болады.
Құран жарысына Астана қаласынан арнайы келген Сәдуақас қари Сағындықұлы мен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қазылық етуде.