Атырауда Геолог ауылында орналасқан Ихсан мешітінде Тәуелсіздік күніне арналған рухани шара өтті.
Іс шара аясында белгілі дінтанушы, тарихшы-ғалым Ернар Абзалов ислам тарихы, 1986 жылдың желтоқсанындағы айтулы көтерілістің қазақ тәуелсіздігіне әсері туралы насихат айтты.
«Тәуелсіздік елімізге берілген бақыт. Біздер Тәуелсіздігімізді нығайтуға үлес қосуымыз керек. Ынтымақ, бірлік ең алдыңғы шарт бола алады. Себебі, халқымыз «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген.
Бүгінгі азаттығымыз жолында жанын құрбан еткен аға-апаларымыздың есімдері ұмытылмайды» деді ғалым Ернар Абзалов.
Шара аясында Желтоқсан құрбандары рухына дұға бағышталды.