Атырауда имамдар оңалту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда

Атырау облысы дін істері басқармасы мен Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінің бірлескен жобаларының бірі – діни оңалту бағытында кешенді жұмыс атқару.

Осы ретте, түзеу мекемелерінде терроризм бабы бойынша сотталғандармен жұмыс жалғасуда.

Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Әбдіров 157/9 ерлер түзеу мекемесінде жеке кездесу өткізді. «Жусан» операциясымен Сирия жерінен оралған жазасын өтеушімен кездесіп, оның сауалдарына жауап берді.

Және мәзһабта болудың маңызы, Әбу Ханифа мәзһабының құндылығы тақырыптарында насихат айтты.

Еске сала кетелік, осыдан біраз бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Діни оңалту бөлімі ашылған болатын. Аталған бөлім жат идеологиямен күрес, жат ағымдардан зардап шеккендерді қайта әлеуметтендіру бағыттарында кешенді жұмыс атқаруда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.