Атырауда «Мәулімберген» мешітінің ұйымдастыруымен спорттық шара өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінің ұйымдастыруымен кір тасын көтеруден жарыс өтті.

Мешіт жамағаты арасында өткен тарысты бәсекеге жиырмаға жуық адам қатысты.

Нәтижесінде кір тасын 60 мәрте үзіліссіз көтерген Қуандық Тілеуімбетов бірінші орынды иеленді.

Кір тасын 52 мәрте көтерген Райымбек Жұмақұлов екінші орынды иеленді. Үшінші орынды кір тасын 45 мәрте көтерген Асылбек Қалиев пен Бисұлтан Терекбаев өзара бөлісті.

«Спорттық шараны өткізудегі мақсатымыз – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Және жамағат арасындағы ынтымақ-бірлікті нығайту. Себебі, денсаулық – адамның берген нығметі» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.