Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысындағы «Ихсан» мешітіндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен рухани кеш болып өтті.
70 адам қатысқан іс-шарада Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Ардақ Сайынқызы, Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нәсиқызы бастаған өкілдер қатысты.
Әйел адамдар мен қыздарға арналған ізгі шарада «Кимешек тағу үлгісін таныстыру», «Орамалдағы қыз-келіншектердің сән үлгісі» бойынша қызықты шеберлік сағаттары өтті.
Рухани кеш барысында қатысушы әйел жамағатына «Викториналық сұрақтар» бойынша ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің рухани, діни білімін сынға салды. Қажылық, рухани кемелділік тақырыптарында өткен викториналық сұрақ барысында жеңімпаз атанғандарға діни кітаптар сыйға тартылды.
Шара барысында «Ихсан» мешітінің әйел ұстазы Гүлдана Үкібаева орамалдың қадір-қасиеті туралы насихат айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.