Атырауда «Мәулімберген» мешітінде Құранға түскен шәкірттер білімдерін сынға салды

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде білім алып жатқан шәкірттерді ынталандыру мақсатында арнайы шара өтті.

Шара барысында Құранға түскен шәкірттер «Фатиха, «Бақара» сүресінің 5 аятын жатқа айтып шықты. Сондай ақ, шәкірттер бірқатар сахабалардың өмірбаяны, көркем мінездері туралы ақпараттармен бөлісіп, өзара білімдерін сарапқа салды.

«Шәкірттерді тәрбиелеудегі басты мақсатымыз – көркем мінезді, рухани қуатты, діни сауатты ұрпақ қалыптастыруға атсалысу. Қазіргідей жаһандану заманында қызылды-жасылды арзан жарнамаға еріп кетпей, ұлттық тамырымыздан ажырамау маңызды.

Абай, Шәкәрім сынды ғұламаларымыздың еңбектерін дәріптеу арқылы да, балалардың бойына рухани, ұлттық құндылықтарымызды сіңіруді мақсат етіп отырмыз» дейді ұстаз, «Әйелдер-қыздар» секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.