Атырауда «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен ізгілік шарасы өтті.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, барлығы 25 отбасына құрбан малының еті таратылды.

«Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыс бағыты. Ізгілік бағытындағы шараларымыз жалғасады. Мұқтаж жандарымыз мешітке келіп, қамқорлықты сезініп жатса, бұл біздің мақсатымыздың орындалғаны» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.