Атырауда Сириядан оралған әйелдерге көмек көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде Сириядан келген атыраулық әйел адамдарға және экстремизм бабымен сотталғандардың отбасыларына көмек көрсетілді.

Жомарт жандардың қолдауымен өткен шара аясында аталған санаттағы отбасыларға қаржылай көмек беріліп, құрбан малының еті таратылды.

Барлығы 10 адамды қамтыған іс-шараның мәні туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ерекше атап өтті.

Бас имамның айтуынша, қоғамнан бөліну, ата діннен ажыраудың қасіреті ауыр.

«Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Халқымыз ықылым заманнан адамгершілік, кішіпейілділік сынды қасиеттерді жоғары қойған. Дін – жұмсақтық, бауырмалдық. Тәуелсіз еліміздің халқымызға беріп отырған мүмкіндіктерін құрметтеп, бейбіт күннің қадірін ұғынуымыз керек» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.