Атырауда имамдар бүлдіршіндерді «Балаларды қорғау күні «мерекесімен құттықтап, тәттілерден құралған тосын сый жасады.
Ашық аспан астындағы балалар ойын алаңында ұйымдастырылған мерекелік акцияға облыстағы бірнеше мешіт атсалысты.
Атырау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті 550 балаға балмұздақ үлестірді. Мақат орталық мешіті 690 бүлдіршінді тәттілермен қуантты.
Ал, Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылындағы Әйтеке би мешіті 250 балаға мерекелік сыйлықтар таратты.
«Бар жақсысын балаларға ұсынған халықпыз. Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, оларды сыйлықпен қуантып отыру – сүннет амал» дейді имамдар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.