Атырауда имамдар Әдеп кеңесінің жұмысын талқылады

Бұдан былай дін қызметкерлерінің этикалық мәселесі Әдеп кеңесінде қаралады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылдан бастап мүфтият жанынан құрылған Әдеп кеңесі тоқсан сайын бас қосып, мәселелерді талқылайтын болады.

«Имамдардың кәсіби шеберлігін қалыптастыруда Әдеп жөніндегі Кеңес үлкен рөл атқарады. Имам – зияткерліктің, имандылықтың, кемелділіктің, байсалдылықтың, білімдарлықтың символы болуы керек. Осы ретте, мешіттерімізге келген жамағат дін қызметкерлерінен үлгі алуы қажет» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.


Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.