Атырауда имамдар арасында достық футболы өтті.
Футболға облысқа қарасты 33 мешіттің имамдары қатысты. Үш командаға бөлініп, өзара бақ сынасқан футболға қала, аудан және ауыл имамдары толық құрамда қатысты.
«Шараның басты мақсаты – имамдар арасындағы ауызбірлікті, ынтымақты арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы шаралар жалғаса береді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.