Атырауда имамдарды аттестациядан өткізу екі күнге созылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлының қатысуымен Атырау және Батыс өңірлері бойынша жаңадан қызметке тағайындалған дін қызметкерлерін аттестациядан өткізу жүруде.

Аттестациядан облыс бойынша 10 және өзге өңірлерден 5 жаңа қызметкер өтуде.

Аттестация ережесіне сай қатысушы ауызша сұрақ-жауап бойынша қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ концептуалды құжаттары бойынша жауап берсе, тестілік тапсырма аясында ақида, фиқһ, ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) аясында тапсырмалар орындайды.

Аттестация екі күнге жоспарланған.