Атырауда имамдардың біліктілігін арттыру семинары басталды (+ ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқановтың қатысуымен Атырау имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар басталды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен өтіп жатқан семинар екі күнге созылады.

Семинарда шариғи мәселелермен қатар, сенім, қоғаммен қарым-қатынас, зияткер имам бейнесін қалыптастыру мәселелері де жан-жақты талқылануда.

“Имам – діннің қызметкері, сонымен бірге, қоғам үлгі алатын тұлға. Бүгінгі имам бейнесі – адамгершілік, рухани қасиеттерімен бірге, білім дәрежесінің жоғары болуымен де ерекшеленуі қажет” деп атап өтті наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

Екі күндік семинарға қала, аудан және ауыл имамдары қатысуда.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.