Атырауда жылдың үздік имамдары марапатталды ( + ФОТО)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жыл бойына табанды еңбегімен өзгелерге үлгі болған үздік имамдарды марапаттады.

Атап айтқанда, Ақпарат бағыты бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Әбдіров, Ихсан ілімі бойынша Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев, уағыз-насихат бағытында Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, қайырымдылық бағытында Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов, оқу ағарту саласы бойынша Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы үздік деп танылды.

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жан-жақты көрсеткен жұмысының нәтижесі үшін «Үздік имам—2021» номинациясына ие болды.

«Бұл жиынның маңызы зор. Өйткені, имамдарымыз жан-жақты жыл бойы жұмыстар атқарды. Ең бастысы былтырғы жылға қарағанда жұмыстарымызда біраз ілгерілеу, жүйелілік бар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жыл үздіктеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жиын соңы имамдар арасында бауырмалдықты арттыру мақсатында футболдан шағын турнирге ұласты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.