Атырау имамдары мүфтият бекіткен жеті бағыт бойынша есеп берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен орталық «Иманғали» мешітінде есептік жиналыс өтті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Қала және аудан имамдары ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар және нәтижелер туралы баяндады.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қайырымдылық бағыттағы жұмыстар қашанда басты назарда болатынын атап өтті. «Оңалту шаралары да негізгі бағыт болып қала береді. Осы ретте барлық қала, аудан, ауыл имамдарына қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болуды, жан-жақты білім жетілдіруді, ислам өркениетін, қазақ даласындағы ислам тарихы және көрнекті діни қайраткерлерімізді кеңірек дәріптеуді басты назарда ұстауға шақырамын» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында Бас имам «Толық адам» еңбегі туралы пікір білдіріп, туындыны жамағат арасында кеңінен насихаттауға шақырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.