Атырауда Иман мешітіне жаңа имам тағайындалды

Бүгін қасиетті жұма күні Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Иман мешітінің жамағатына жаңа имамды таныстырды.

Атырау қаласындағы Береке ықшамауданында орналасқан «Иман» мешітінеменді имам Ерлан Сағынов жетекшілік етеді.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен таныстырған Алтынбек Ұтысханұлы өңірге жаңа кадрлар мен жас мамандарды тарту жұмыстары жалғасатынын айтты. «Әсіресе, жергілікті жерде жан-жақты мамандар даярдау үшін діни сауат ашу орталықтарын салып жатырмыз. Имам Ерлан Сағынов та білікті азамат. Жамағатпен етене араласып жұмыс жасайтын болады» деп атап өтті Бас имам.

Сағынов Ерлан Мұратұлы  Орал медресесінде білім алып,”Имам хатиб” мамандығын бітірген.

2014-2017 жылдары “Нұр-Мүбарак” университетінде ”Исламтану” мамандығын алған.

2017-2023 жылдары  Индер ауданының “Әйіп-Қажы” мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, “Шапағат” қорында Индер ауданы бойынша теолог маманы, Индер ауданы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі болып еңбек етті.