Атырауда «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті (+ ФОТО)

Атырауда «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіті жамағаттары арасында кіші аяқ доптан жолдастық турнир өтті.

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Діни сауат ашу және құран жаттау орталығы, Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті, «Ихсан» мешіті, «Иман» мешіті, «Анашым» мешіті шәкірттері өзара бақ сынады.

«Иман» мешітінің ашылғанына бір жыл толмаса да, жамағатымыз тұрақты түрде мешітке келіп, дәріс алып жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Осы тұрғыда өзара сыйластықты арттырып спорттық шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат – жамағат арасында өзара бауырмалдық пен достықты насихаттау», деп атап өтті мешіт имамы Назарбай Абдуроманов

Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Діни сауат ашу және құран жаттау орталығы шәкірттері иеленді. Екінші және үшінші орындарды «Иман», «Анашым» мешітінің командасы өзара бөлісті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.