Атырауда орталық мешіттің ұйымдастыруымен бата беру сайысы өтеді (+ ФОТО)

Атырауда облыстық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен, ересектер мен ақсақалдар арасында бата беру сайысы өтеді.

Сайысқа 40-65 жас аралығындағы үміткерлер өтінім беріп, қатыса алады.

Сайыс үш кезеңнен тұрады. Және үміткерлер қиындық деңгейіне қарай берілген тапсырмалар бойынша бақ сынасады.

Сайыс 23 ақпан күні Атыраудағы Құрманғазы мәдениет үйінде өтеді.

Тіркелу үшін 8778 174 71 60 байланыс номеріне хабарласу керек.