amin.kz/30 қыркүйек, 2020 жыл. Орталық «Иманғали» мешітінде өткен қайырымдылық шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасы қамтамасыз етілді.
Олардың қатарында көп балалы, жалғыз басты сынды түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтар бар.
Мұқтаж отбасыларға етті орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов тапсырды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты – қайырымдылық. Карантин жағдайына қарамастан, мешіттерімізде қайырымдылық шаралары тоқтаған емес. Мұқтаж жандар қашан да мешіт назарынан тыс қалмайды. Алла Елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырған» дейді орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.