Атырауда «Иманғали» мешітінде жазғы лагерьді 55 қыз бала аяқтады

Жазғы сауат ашу курсында 1,5 ай ілім алған шәкірттер құрметіне орталық «Иманғали» мешітінде рухани шара өтті.

9-15 жас аралығындағы шәкірттерді марапаттау шарасы аясында түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

«Жазғы сауат ашу кезінде шәкірттерге бірнеше пән бойынша дәріс берілді. Оның ішінде 1,5 айдың ішінде зеректік танытып, 29 шәкірттің Құранға түскенін мақтанышпен айта аламыз. Дәріс алып, жалғастырамын деушілерге әркез есік ашық. Мешіт жанынан сауат ашу курсы жалғаса береді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.