Атырауда «Иманғали» мешітінің таһаратханасы күрделі жөндеуден өтті (+ВИДЕО)

Орталық «Иманғали» мешітінде күрделі жөндеуден кейін қайта қолданысқа берілген таһаратхана бір мезгілде 28 адамға қызмет көрсете алады.

Таһаратханада дәрет алатын орындардан бөлек, душ қабылдауға мүмкіндік бар. Және сүлгілерді жууға арналған кір жуғыш машина да орналасқан.