Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасына сұхбат берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасына сұхбат беріп, ораза, ислам дініне қатысты сауалдарға жауап берді.

«Арыстанбекпен ашық әңгіме» хабарында иман келтіру, Рамазан, өзге де өзекті тақырыптарға қатысты сұхбат өрбіді.

«Қазір қоғамда исламға байланысты кереғар пікірлер, келеңсіз жайттар орын алуда. Шын мәнінде, ислам – ізгілік діні. Ислам – бейбітшілікті қолдайды. Көркем мінезге ие адам ізденуді, білім алуды тоқтатпауы керек. Ислам – өркениет діні» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.