Атырауда «Мәулімберген» мешітінде білім сайысы өтеді

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде білім сайысы өтеді.

Жамағатқа рухани тәрбие, білім беру мақсатында «Әбу Мансур әл Матцриди және оның «иман» мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдамалары», «Ғұмыры ғибрат ғұлама имам ағзам Әбу Ханифа» кітаптары таратылды.

Барлығы 20 адамға таратылған кітаптар бойынша бір айдан кейін жамағат сынақ тапсыратын болады.

«Ораза – құлшылық айы. Бұл айда адам ізденіп, рухани қуаттанып, өзін дамытуға уақыт арнағаны абзал» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.