Атырауда «Иманғали» орталық мешітінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

     Жәрмеңкені Атырау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» қоры ұйымдастырды.

«Жұмыссыз жүрген жастар көп жағдайда деструктивтік ағымның жетегінде кетіп қалады. Жұмыс іздеп келушілерге облыстағы 5 мекемеден 140 бос жұмыс орыны ұсынылып, сонымен қатар, балалы отбасыларының ата-аналарына атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңірек түсінік берілді. Бұған қоса қайта даярлау курстары, өз кәсібін ашу, басқа да әлеуметтік түйткілді мәселелер жайында да қажетті кеңестер айтылды» дейді  ұйымдастырушылар.

Аталған​ жәрмеңкеде​ Атырау қаласының тұрғындары мен мешіт жамағаты бойынша 80-нен астам адамға, соның ішінде жастар мен көпбалалы аналарға​ кәсіпкерлікті дамыту мен​ әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді.​


Айта кетейік, Атырау облысы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне «Спецавтобаза», «Рубеж Секьюрити», «Атырау жылу жүйелері», «Сазан құрақ»,»Вест Дала», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Ақпараттық талдау орталығы» мекемелері қатысып, өз тараптарынан бос жұмыс орындарын ұсынды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.