Атырауда көп балалы отбасыларға азық-түлік табыс етілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде көп балалы алты отбасына азық-түлік табыс етілді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен көп балалы шаңырақтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен басым бағыт бойынша, мұқтаж шаңырақтарға көмек басты бағыттардың бірі. Өмірге ұрпақ әкеліп, еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосып отырған аналарымыз қандай құрметке де лайық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.