Атырау облысының Бас имамы баспасөз саласына қатысты жиын өткізді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен БАҚ саласына қатысты жиын өтті.

Әлеуметтік желілердегі ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бағытында жаңа бағдарламалар жоспары талқыланды. Және «Мұнара тв» арнасы арқылы республика көлемінде әр түрлі танымдық діни сюжеттер, деректі хабарлардың жүргізілу барысы нақтыланды.

Атап айтар болсақ «Жұмадағы жақсы әңгіме»,» Fatua Time», Дәлел-дәйектер, «Хадис уақыты», Сахабалар өмірінен деректер» «Ихсан уақыты»  және орыс тілінде де насихаттық бағдарламалар бекітілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.