Атырау қаласына қарасты «Мәулімберген» мешітінде өткен білім бәйгесіне отызға жуық жамағат қатысты.
Жамағат «Матуриди ақидасы» мен Әбу Ханифа еңбектеріне арналған кітаптарды бір ай ішінде оқып шығып, алған білімдерін сарапқа салды.
Әбу Ханифаның алғашқы ұстазы, өмір жолы, еңбектері, әйгілі шәкірттері, Әбу Ханифаның адам құқығы мен еркіндігін және қадір қасиетін бағалауына қатысты мысалдар келтіру, Имам Матуриди ақидасы тақырыптарына қатысты сауалдарға қатысушылар жан-жақты жауап берді.
Рухани бәйге нәтижесінде бірінші орынды Нұрсұлтан Еділбайұлы жеңіп алды.
Өсер Еразамат мен Дияр Ахметов екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.