Мақат ауданында әжелер жамағаты ауызашар берді

Мақат аудандық орталқ мешітінде әжелер 120 адамға ауызашар берді.

Ізгі шараға Мақат ауылының тұрғынд ары, ақсақалдар, мешіт жамағаты қатысты.

«Ауызашар берусауапты іс. Ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықовтың айтуынша, Мақат ауданындағы орталық мешітте күніге 120 адамға ауызашар берілуде. Рамазан айы басталғалы бері 2160 адамға ауызашар берілген.