Атырауда «Мәулімберген» мешіті мұқтаждарға көмектесті

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді.

«Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының бірі. Мұндай шаралар тұрақты түрде жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық » Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.