Атырауда «Мәулімберген» мешіті тасқынның алдын-алу шараларына қатысуда

Атырауда Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешіті ұжымы тасқынға қарсы шараларға қатысуда.

Қазіргі уақытта мешіт ұжымындағы қызметкер әйел адамдар жаға бекіту жұмыстарына атсалысып жатқан еріктілерге ас-ауқат дайындауда.

Мешіттің қызметкерлері қатарындағы ер адамдар жаға бекіту, арықтар қазу жұмыстарына араласып жатыр.

Мешіт имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен ұсақ мал құрбандыққа шалынды. Құрбан малының еті бірнеше еріктінің отбасына таратылды.