Атырауда «Мәулімберген» мешіті ұжымы марапатталды

Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов мешіт ұжымына алғыс айтты.

Қасиетті Рамазан айында рухани шараларды өткізуге атсалысып, мешіт ішіндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан және тасқынға байланысты Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына бел шеше кірісіп отырған мешіттің имамдарына, ұстаздарына, кезекшілер мен мобилограф маманға ризашылығын жеткізіп, алғыс хат табыс етті.

«Исламда адамдардың бір біріне алғыс айтудың маңыздылығына терең тоқталған тағылымды хадистер бар. Ұлы Жаратушы Алла Тағала өз пендесіне бір біріне айырықша құрме етуді, алғыс айтуды бұйырған.

Асыл дініміз, тура бағытымыз исламда алғыс жайлы кеңінен айтылады. Алла Тағала Қасиетті Құранда Ибраһим сүресінің 7-аятында «Раббың былай бұйырады: Ант етеміз, егер шүкір етсеңдер расында сендерге нығметтерімді еселеймін және де ант етеміз, көз жұма қарасаңдар, шүбәсіз, менің азабым өте ауыр», – дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.