Жылыойда тасқыннан зардап шеккен бір топ жамағатқа ет таратылды

Жылыой жамағаттары арасында үйлері толығымен суға кетіп тасқыннан зардап шеккендер көп.

Су тасқынынан зардап шеккен мешіт қызметкерлеріне және мешіт жамағаттарына қайырымдылық көмек ретінде бір жылқы малы сойылып таратылды. Сонымен бірге, қосымша 10 қап жылқы еті үлестірілді.

«Мұндай ауыр сынақтар халқымыздың бірлігін арттыра түсуі керек» дейді Жылыой мешітінің имамы Жасұлан Қағазғалиев.