Құлсарылықтар Атырауға келіп бөгет соғып жатыр

Табиғат тасқынына тап болып, қиын жағдайға ұшырағанына қарамастан, Атырауға келіп, жаға бекітуге көмектесіп жатқан құлсарылық жамағат көпті тәнті етті.

Қазіргі уақытта Атырау қаласы сыртындағы Береке ауылы маңында жаға бекітіп, бөгет соғып жатқан бір топ жамағатқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып, алғыс айтты.

«Өздеріңіз қиналып тұрсаңыздар да, Атырау қаласы меп тұрғындарының амандығы үшін алаңдап, қол еңбегімен көмек көрсетіп отырғандарыңыз – мұсылман адамға тән ерекше қасиет. Сіздердің адал жүрекпен жасап жатқан ізгі амалдарыңыз көпке үлгі болып отыр . Әрі бұл әрекеттеріңіз құлсарылық жамағат арасындағы ауызбірлігін, жоғары рухани деңгейді» көрсетелі деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Тұрғызба ауылының имамы Саламат Қаражанов бастап келген жамағат Береке ауылында бірнеше күн жаға бекітуге қатысатын болады.