Атырау қаласындағы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде өткен рухани кездесу нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қоғаммен байланысты нығайту мақсатында өткен шараға Тасқала ауылының ақсақалдары Нұрлан Сағынаев, Сағытжан Құлмаханов, Тасқаладағы жергілікті мектеп директоры Мүслима Базарбаева және бірқатар тұрғындар қатынасты.
«Жиында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі, сапалы білім беру және жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін реттеу сынды проблемалық тақырыптар көтерілді. Үлкендер жағы жас отбасылар арасында ажырасу жағдайларының жиі орын алуына да алаңдаулы. Бұдан былай, ауылдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жас буын тәрбиесіне үлкендер араласып отыратын болады. Осы ретте, Ақсақалдар алқасы мен Қоғамдық кеңес құруға уағдаласып отырмыз» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.