Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде Мәуліт айына орай, бірқатар рухани шаралар өтті.
«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетілді.
Рухани шарада ұлт тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі, салт дәстүр тақырыптарында әңгіме қозғалды. Және жастар тәрбиесіне қатысты мешіт тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сондай ақ, мешітте мемлекеттік қызметкерлерге арналған рухани шара өтті.
Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев бастаған мемлекеттік қызметкерлер қатысқан шарада «Мәуліт» айының ерекшеліктері туралы насихат айтылды.
«Мәуліт – рухани кемелдену, адамның ішкі дүниесін тәрбиелеуге жол ашатын ерекше ай. Бұл айда мұсылмандар Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с) тануға амал жасау керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мінезі Құран болған көркем адам болған. Адам жүрек және ниет тазалығы болған кезде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады» деп атап өтті «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.