Қасиетті Мәуліт айына орай, Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешітінде «Мәуліт» рухани кеші өтті. Жамағатқа арналған рухани шарада ұстаз Наркес Боханов уағыз-насихат айтты.
«Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн Мәуліт деп аталады.
Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз.
Мәуліт мейрамының аясында біз Пайғамбар туралы, Оның алдындағы міндеттеріміз, сүннетін сақтау жайында мешіттерімізде, іс-шараларымызда, жиындарымызда жалпы халыққа молырақ мағлұмат беріп, дініміздің тағылымдары жайлы үгіт-насихат кеңінен жүргізуіміз керек» деді ұстаз Наркес Боханов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.