Атырауда «Мәулімберген» мешітінде Құран жарысы өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде Құран жарысы өтті.

Рухани сайыста қатысушылар Құранның соңғы 10 сүресін жатқа айтудан сынға түсті. Жиырмаға жуық үміткер бақ сынасқан бәйгеде бірінші орынды Диас Серіков жеңіп алды.

Екінші орынды Ержан Бөлекбаев иеленді. Үшінші орынды Қуан Мұханбетов алды.

«Сайыс жоғары деңгейде өтті. Жарысқа әртүрлі жас категориясындағы үміткерлер қатысты. Сайысқа қатысушылардың тыңғылықты дайындықпен келгені қуантты. Құран – тура жолға бастайтын мектеп. Біздің мақсатымыз – жастарға рухани тәрбие беру» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов

Сондай ақ, «Мәулімберген» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне жамағат арасында білім сайысы өтті. «Матруди ақидасы» мен «Абу Ханифа» кітаптары бойынша жамағат білімдерін сарапқа салған бәйгеде Нұрсұлтан Еділбайұлы жеңіске жетті.

Еразамат Өсер мен Дияр Ахметов екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.