Атырауда Ораза кезінде дұрыс тамақтану тақырыбында семинар өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде «Рамазан айы кезінде дұрыс тамақтану» тақырыбында семинар өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқар масы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызының ұйымдастыруымен өткен семинарға мешіттің әйел ұстаздары мен жамағат қатысты.

«Оразаның адамның рухани деңгейімен қатар, денсаулығына да пайдасы зор. Алайда, ораза кезінде дұрыс тамақтаны, көбірек су ішу маңызды. Дұрыс тамақтануадамның күні бойы сергек жүруіне, асқазанда астың дұрыс қорытылуына ықпал етеді. Денсаулықтың адамға берілген аманат екендігін ұмытпағанымыз абзал» деп атап өтті ұстаз Ардақ Сайынқызы.