Атырауда «Мәулімберген» мешітінде құрбандық шалынып, мұқтаждарға көмек көрсетілді

Атырау қаласы Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде елдің амандығы, қоғамның тұрақтылығы үшін дұға жасалып, сиыр малы құрбандыққа шалынды.

Құрбан малы кейін әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларына үлестіріліп берілді. Қайырымдылық шарасымен қамтылған отбасылар өз ризашылықтарын жеткізді.

«Біздің мақсатымыз – халыққа рухани демеу болу. Сонымен бірге, қиналған бауырларымызға көмек беру. Бұл ретте, қайырымдылық – мүфтият бекіткен негізгі жұмыс бағыты екендігін атап өткеніміз жөн» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.