Атырауда «Мәулімберген» мешітінде шәкірттер арасында рухани жарыс өтті

«Имани жаз» жазғы сауат ашу лагерінде білімдерін толықтырып жүрген шәкірттер арасында Атырау қаласы маңындағы Тасқала ауылының «Мәулімберген» мешіті рухани сайыс ұйымдастырды.

Сайыс барысында шәкірттер Құранның соңғы 10 сүресін жатқа айтудан өзара сынға түсті. Балалар арасында өткен тартысты бәсекеде Аида Таңатарқызы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кәусар Мәжитқызы мен Диас Шарафитдинұлы өзара бөлісті. Мусабек Сәнжарбекұлы үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаз балалардың барлығына қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.

Жеңімпаздардың барлығын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жауапты маманы Ардақ Сайынқызы марапаттады.