Атырауда «Ихсан» мешітінде жазғы лагерь шәкірттеріне құрмет көрсетілді

Қазіргі уақытта Атырау қаласы маңындағы Геолог ауылында орналасқан «Ихсан» мешітіндегі жазғы сауат ашу лагерінде 40 ер бала, 55 қыз бала білім алып жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторы Атырау облысы бойынша өкілдігінің «Ихсан» мешітіндегі жауапты мамандары шәкірттер құрметіне табиғат аясына демалыс ұйымдастырды.

Табиғат аясындағы демалыс барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балаларға викториналық сұрақтар қойылды.

Сондай ақ, «Ихсан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған рухани кеш өтті. Кеш барысында ұстаздар «рухани даму» тақырыбында насихат айтып, шәкірттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.